Елімізде 2016 жылдан бастап жаңа мереке – Алғыс айту күні 1 наурызда тойланады. Аталған мейрам ҚР Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 жарлығымен бекітілген болатын. Алғыс айту күні – қазақстандықтардың бір-біріне деген ыстық махаббаты мен достығын, мейірімділігін паш ететін жарқын мереке.
Бұл күні жақындарыңызға алғыс айтуға және ыстық ықыласыңызды білдіруге, сондай-ақ мейірім күткен әрбір жанға жан жылуын сыйлауға мүмкіндігіңіз бар. Осындай істердің бірі, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларға арнап қайырымдылық акциясын өткізу таптырмас іс болып табылады. «Федоров АОА» КМК қызметкерлерінің бастауымен «Мейірімділікпен бірлікке!» атты акция өткізілді. Үш апта бойы көпбалалы отбасылардың балаларына арналған заттар, аяқ киім, ойыншықтар жинағы ұйымдастырылды.
2019 жылғы 25 ақпанда барлық жиналған заттар әлеуметтік бутикке тапсырылды. Ол жерден мұқтаж жандар өздеріне және балаларына қажеттінің барлығын мөлшеріне және санына қарай таңдауға және алуға мүмкіндігі бар.


