19-28 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» Ұлттық бағдарламасының онкүндігі өткізіледі.
Осы бағдарлама аясында аймақтық «Менің жүрегім – сенің жүрегің» акциясы іске қосылды. Акцияны ұйымдастырушылар «Аймақтық қан орталығының» қызметкерлері болды.Сонымен қатар «Федоров АОА» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Федоров ауданының аумағында акцияны ұйымдастыруға және тиісті деңгейде өткізілуіне көмек көрсетті. «Жастар» АМҮ халықтың қанмен ерікті түрде қайырымдылық жасауына арналған алаң ұйымдастырылды. Күн өте қарқынды және қызықты болды деп ауыз толтырып айтуға болады!
Қан тапсырудан басқа, халыққа бұлшықет тінінің InBody 770 талдағышына және ультрадыбыстық траниллюминация арқылы остеопороз диагнозына қатынасында дененің диагнозын қою ұсынылды.
Аталмыш акцияға қатысушылар саны 76 адамды құрады. Тәжірибелі дәрігерлердің тексерісінен өткен және гемоглобин деңгейі жақсы 51 адам қан тапсыруға рұқсат алды. Барлығы 30,5 литр донорлық қан жиналды!

