Қызылша (корь) – жер шарындағы көп таралған инфекциялық аурулардың бірі болып саналады. Бұл ауру біздің елімізде де көп кездеседі. Аталған ауру жыл бойы таралып, әсіресе, күзгі-қысқы және көктемгі уақыттарда аурумен ауырғандардың саны арта түседі. Кез-келген жастағы адамдар осы ауруға шалдығады. Соңғы кездері аурудың көбеюі байқалған. Егер осылай жалғаса беретін болса өлім-жітімге әкелуі мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдерді және ересектерді осы аурудың қауіптілігі жайында ақпараттандыру мен алдын-алу мақсатында 2019 жылғы 21 ақпанында ауданның 29 мектебінде ұйымдастырылған «Вирусное заболевание корь» тақырыбында бірегей диктант өткізілді. Аталған іс-шараны «Федоров АОА» КМК мен «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ұйымдастырды.
«Үштілділік» жобасының шеңберінде диктант үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылды. Диктантты М. Мәметова атындағы ОМ 11 сынып оқушылары латын графикасында жазып көрді. Диктантты жазуға педагогтар мен 1-11 сынып оқушылары қатысты. Әрбір орналасқан бөлімге жас ерекшеліктеріне байланысты сөздер саны белгіленіп түрлі мәтіндер дайындалды.

