Емшек емізуді ұйымдастырған кезде көптеген әйелдер, әсіресе бірінші бала дүниеге келгенде қиындықтарға тап болады.Ол сұрақтарды қалай шешуге болады деген сұрақтар туатыны заңдылық.Осы жағдайда ең жиі қойылатын сұрақтарды таңдап алып, АОА педиатр дәрігері Искакова Сәуле Абылайқызына қойғанды жөн көрдік.
Нәресте неліктен сүтке тұншығып қалады?
Оның себептері көп болуы мүмкін.Мысалы, ананың кеудесі дұрыс сүтті ұстамайды және ол өзінен-өзі ағып кетеді, сондықтан нәресте ешқандай күш жұмсамай сүтті үздіксіз іше береді.Осындай жағдайда сүтті ішіп үлгермеуі мүмкін. Бұл жағдайда ана баланы азықтандыру алдында сүттің белгілі бір мөлшерін ағызып алуға тура келеді.Сіз сондай-ақ нәрестені кеудеге қоюдың дұрыстығын қадағалауыңыз қажет: денесі түзетілген, басымен бір жазықтықта, иық кеудеге тиіп, төменгі ерні сыртқа шығарылады.Баланы тамақтандырғаннан кейін бірнеше минут тігінен ұстаған маңызды.Егер баланың тұншығып қалуынан басқа, салмақ қосуы баяуласа дәрігермен кеңесу керек, себебі нәрестенің асқазан жұмысында бұзылулар болуы мүмкін.
Баланы дұрыс тамақтандыру әдісі қалай?Белгілі бір режимді ұстанған дұрыс па, әлде алғашқы сұрау кезінде сүтті беру керек пе?
Негізі емшек сүтін алғашқы сұраған уақытта берген жөн болады.Баланың емшек сүтін көп ішіп қояды деп қорқудың қажеті жоқ.Бала өзі бас тартқанша асықпай ішкені дұрыс.Бала жиірек емшекке ұмтылса, соғұрлым ол салмағын арттырады және оның иммунитеті күшейеді.Ал өзі сүтке тойғаннан кейін кеудеге жармаспай жібере салады.
Егер бала ему мен тамақтанудан бас тартса, оған күштеп берген дұрыс па?
Әдетте, балалар әр нәрсеге алаңдап отырып, нашар тамақтанады.Бұл ішектің (іштің ауыруы), суық тиюдің немесе алғашқы тістердің шығуы болуы мүмкін.Көбінесе температураның жоғарылауы да себеп болады. Бала тамақтанудан бас тартса да, оны емшекпен емізуді тоқтатпай аздан емізген жөн.Біріншіден, ана сүтімен берілетін көптеген дәрумендерді бойына сіңіріп, денсаулығы жақсы болуының негізі болады.Екіншіден, егер ана баланы кеудеге беруді тоқтатса, онда ананың сүті жоғалуы мүмкін.
Егер анасы ауырып қалған жағдайда, баланы емізген дұрыс па?
Алдымен емшек сүтімен тамақтандырғанда қандай аурулар берілетінін анықтау қажет.Әрине, егер ана ауыр сырқатпен ауырса, ауруханаға жатқызылып, өмірге қауіп төнсе, онда баланы жасанды тамақтандыруға көшіру керек болады.Егер анада жұқпалы ауру, ЖИТС, туберкулез болса, баланы емізуге қатаң тыйым салынады.Ал егер жай ғана салқын тиген болса, ол кедергі келтірмейді.
Бала емген кезде тістейді.Не істеу керек?
Әдетте, бұл нәрестенің тісінің шығуымен байланысты. Баланың денсаулығы үшін алғашқы тістердің пайда болуы кезінде ауруын жеңілдету үшін баланың қабынған тістеріне қолданылатын арнайы гельді сатып алу керек. Сондай-ақ, дәріханада арнайы резеңке сақиналар алуға болады.Бала оны тістеу арқылы тісінің қышығанын басады.Ана баланың тіс жиектеріне ақырындарп саусағымен массаж жасау керек. Балалар дәрігерімен келісілгендей, нәрестеге ыстық түсіруге қарсы дәрілерді ішкізуге болады.
Бала емізетін анаға ішімдік пен темекіні қолдануға бола ма?
Шылым шегу мен алкоголь ішімдігін қолдану ананың ғана емес, баланың да денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Никотин лактацияның ұзақтығын қысқартуға және өндірілген сүттің мөлшерін азайтуға көмектеседі.Әдетте, темекі шегушілерден шыққан сүт босанудан кейінгі бесінші немесе алтыншы айдың басында тоқтайды, ал сәбиге кем дегенде бір жарым жылдай ана сүтін ішу керек. Сонымен қатар, сүттің құрамы нәресте үшін пайдалы қасиеттерін жоғалтады және қажетті дәрумендер мен қоректік заттардың мөлшерін азайтады.Спирттік тәуелділік туралы да айтуға болады. Спирт баланың жүрегі мен бауырына, сондай-ақ баланың жүйке жүйесіне әсер етеді. Алкогольді қолданатын аналардың балалары физикалық және ақыл-ой дамуында өздерінің құрдастарынан артта қалып отыр.
Қорытындылай келе, баланы емшек сүтімен тамақтандыру, баланың толыққанды дамуына негіз болады деп айтуға болады. Әрбір ана мұны есте сақтап, бұл процесті кем дегенде 1,5 жыл бойы орындауға тырысуы керек.Медициналық қызметкерлерге емшек сүтімен қамту туралы сұрақтар қоюдан қорықпаңыз. Бұл сіз бен сіздің балаңыздың денсаулығына ыңғайлы болады және азықтандыру үрдісін қалай дұрыс ұйымдастыруды үйренесіз.

