Бүгін 2018 жылғы 30 қараша күні сағат 8.30-да «Федоров АОА» КМК акт залында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Барлық қатысушы медициналық қызметкерлерге бас дәрігер М.С.Сырғабаев денсаулық пен ынтымақ тілеп құттықтады.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін тойлау халқымыз үшін ерекше жағдай екенін атап өтілді.Еліміздің дамуына бағытталған (Қазақсатн Стратегиясы-2050, 100 нақты қадам, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы, Ұлт жоспары, «Рухани жанғыру», «Нұрлы жол» қоғамдық сананы модернизациялау бағдарламасы) жалпыұлттық бағдарламаларды іске асыру үлкен маңызды шара екенін атады.
Сондай-ақ Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының ерекшелігіне тоқталды.Бұл жолдау елдің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған таптырмас жоба екенін де тілге тиек етті.


